Компания туралы

«SGP Group Kazakhstan» ЖШС 2013 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында құрылған. Біздің мақсатымыз: Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО), Nostrum Oil & Gas LLC («Жайықмұнай» ЖШС), North Caspian Operating Company (NCOC), «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), Total E&P Dunga GmbH, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) және т.б. сияқты ірі мұнай-газ операторларына қызмет көрсету.

SGP механикалық және электр жабдықтарын, бақылау-өлшеу аспаптарын және ілеспе қызметтерді жеткізеді.

* Бүгінгі күні SGP 30-дан астам түпнұсқалық жабдық өндірушілерінің (OEMs) портфолиосын құрды, олар бізге жергілікті жерде ресми дистрибьюторлар ретінде өкілдік етуге сенді.

Тұрақты өсу

2019 жылы SGP әлемдегі жетекші 60 түпнұсқалық жабдықтар өндірушілерінің (OEMs) тауарлары мен материалдарын жеткізуге КПО келісімшартын алды.

2021 жылы SGP әлемдегі жетекші түпнұсқалық жабдықтар мен өлшеу жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілерінен тауарларын жеткізуге КПО келісімшартын алды.

SGP сонымен қатар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі және энергетика салаларындағы басқа операторларға тауарлар мен материалдарды жеткізеді. SGP Өзбекстан Республикасында да жобалармен жұмыс жасауда.